Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік жүргізуші емші бала Ербосынның арқасында пайдаға кенелгенін айтты

Жарияланған күні:

Ел ішінде Қызылорда облысына қарасты Аралқұм ауылындағы 12 жасар Ербосын емші туралы әңгіме­лер үдемесе, азаяр емес деп жазады Замана басылымы.

 Емші бала Ербосын "Соқыр болып барған адамның көзін ашып жібереді екен", "Жүре алмай қалғандарды аяғына тұрғызып жатқан көрінеді", "Балаларды сүндетке отырғызып, дәрігер ем қонбайды деп қайтарған науқастарды жазыпты" деген сияқты сөздер өте көп.

Тіпті Оңтүстік Қазақстан облысынан үлкен автобус жалдап, лек-легімен Аралқұм ауылына аттанып жатқан адамдар да бар. Қазығұрт ауданына қарасты Қақпақ ауылында тұратын Тұрсынбек есімді автобус жүргізушісі бұл туралы кеңірек айтып берген.

Тұрсынбек бүгінде Мақтаарал, Шардара, Сары­ағаш­ және Қазыұрт аудандарынан Аралқұмға баруға ниеттенген адамдарды автобуспен апарып-әкеліп жүр екен.

Айтуынша, Ербосын емшіге Оңтүстік Қазақстан облысынан барушылардың саны тіпті көп. Бұл жақтан бүгін­де 6 автобус үзіліссіз қатынап жатқан көрінеді.

"Мен өзім осымен үшінші рет Аралқұм ауылына барып келдім. Бір барғанда 40-50 адамды апарамыз. Олар Аралқұмда 5 күн ем алып біткен соң алып қайтамыз. Барып-келу ақысы үшін жан басынан 4 мың теңге аламыз. Жатын орны мен тамағына тағы ақша шығарады. Емделушілер сол ауыл тұрғындарының үйлеріне күндігіне 500-1000 теңге төлеп жатады", - дейді автобус жүргізушісі.

Сонымен қатар, жүргізуші Ербосынға емделуге барушылардың санында есеп жоқ екенін айтқан.

"Күніне бір жарым мыңдай адам кіріп-шығады десем, өтірік емес. Үлкен етіп жаңа үй тұрғызған. Үйге кіретін үш есік жасап қойған. Сол үш есікке адамдар кезекке тұрады. Бір есіктен көзі нашар көретіндер, екінші есіктен сал болып қалған немесе аяғы ауыратындар, екінші есіктен өзге де науқастар кіреді. Оларды Ербосын кезегімен қабылдайды. Қамшымен ұрып, дем салып, тіпті кейбіреулердің ішіндегі жынын шығарып жатады екен. Оны автобустағы адамдардан естідім", - дейді Тұрсынбек.

Тұрсынбектің жолсерігі де жуырда көзі нашар кө­ретін баласын Ербосын емшіге апарған. Екі рет барған соң, көз жанары қалпына келіп, көзәйнегін сол жерге тастап кетіпті. Айтуынша, ниет етіп барған адамдарға шипасы дарып жатқан көрінеді.

"Бір білетінім, нақты белгілеп қойған қызметақысы жоқ екен. Әркім өз шамасына қарай теңгелерін тастап кетіп жатыр", - дейді Тұрсынбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/364712-shymkenttik-zhyrgizushi-emshi-bala-erbosynnyn-arkasynda-pajdaga-kenelgenin-ajtty/