Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал азаматтар президенттің "қазақтарға рахмет айту күні" туралы бастамасын қолдады

Жарияланған күні:

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХІІ сессиясында сөйлеген сөзінде "Қазақстан ежелден осылай көпұлтты болды деп санайтындар тарихты білмейтіндер" дей келе, Қазақстанды мекен ететін барлық этнос өкілдеріне жаңа мерекені - "Қазақтарға рахмет айту күнін" ұсынды.

Осы ретте, qamshy.kz сайты елбасының Ассамблея сессиясында ұсынған бастамасына орай белсенді әлеуметтік желі пайдаланушыларына сауалнама жолдаған.

Аталмыш сауалнамаға қатысқан ақын Ауыт Мұқибек 1 қаңтар күнін қазақтарға рахмет айту күні деп белгілеуді ұсынды.

"Біздің жаңа жыл мерекеміз - 22 наурыз. Қазақтар сол нәубет жылдары сүргінге ұшырап, зорлықпен жер аударылған халықтарды, ең бастысы, қақаған суықтан, үсіктен аман алып қалды. Сондықтан 1 қаңтарды қазақтарға рахмет айту күні етіп белгілесек, бұл күн мереке ретінде тез қабылданады деп ойлаймын", - дейді ол.

Тележүргізуші Қанат Әуесбай рахмет айту күнін 30 мамырға белгілеген орынды деп есептейді.

"Меніңше, "рахмет айту күні" 30 мамырға белгіленсе өте орынды. Оның ертесіне 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болады. Қазақ жері сонау қиын-қыстау жылдары талай ұлт пен ұлысқа пана болған мекен. Ендеше қуғын-сүргінге ұшырап, жапа шеккен халықтардың қазақ еліне алғыстан өзге айтары жоқ болуы тиіс. Еліміздегі түрлі диаспоралар 30 мамыр күні разылықтың ілтипатын көрсетсе, ертесіне 31-і күні қазақпен бірге қуғын көрген бабаларының рухына бірге тағзым көрсетер еді", - дейді журналист Қанат Әуесбай.

Меніңше, "рахмет айту күні" 30 мамырға белгіленсе өте орынды. Оның ертесіне 31 мамыр қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болады.

Танымал журналист Қасым Аманжолұлы бұл идеяның дұрыс бастама екенін айтады.

"Бастама көтерді ме, енді биліктің табандылығы маңызды. Тағы ең соңында менің уайымым: осының барлығы сайлау алдындағы алдаусыратуға айналып кетпесе екен", - дейді ол.

Саясаткер Әміржан Қосанов та ұсынысты қолдау керек деген пікірде.

"Әрине, қазақ халқының басқа ұлт өкілдерін өз жерінде паналатып, кеңдік танытқанын мойындау, оны әлемге паш ету, керек десеңіз, ол үшін алғыс айту - тарихи тұрғыдан керек нәрсе. Ұсыныс айтылды. Оны қолдау керек. Мәселен, сол күннің атауын, қай формада аталып өтетінін және тағы басқа жайттарын қоғам боп ақылға салу қажет. Бір нәрсеге қарсымын. Бұл күнді Ассамблеяның құрылған күнімен байланыстырудың еш қажеті жоқ", - дейді Қосанов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/365136-tanymal-azamattar-prezidenttin-kazaktarga-rahmet-ajtu-kyni-turaly-bastamasyn-koldady/