jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
АС
Акырыс Сейтказы
Бұрынғы қызметкер

ҰБТ-да 125 балл жинаған оқушы тест жауаптарын небәрі 1 сағатта белгілеп шыққан

: UGC

Ұлттық бірыңғай тестілеудің алғашқы күні ең жоғары көрсеткішке қол жеткізген тараздық түлек жақсы ұпай жинаудың сырымен бөлісті.

Бақ пен бабы келіскен Гүлназ Ердосова Бауыржан Момышұлы атындағы №45 классикалық гимназиясының оқушысы.

Оқуда озат Гүлназдың бүгінгі қуанышында шек жоқ. Білім додасында дараланған оқушы ұстаздарының үмітін ақтағанына қуанады.

Сыннан сүрінбей өтудің сыры ерінбей еңбек етуде дейді. Гүлназ текстілеуге екі жыл дайындалғанын айтады. Есесіне білім бәйгесінде қиналмапты.

Бар - жоғы бір сағаттың ішінде бар жауапты белгілеген Гүлназ, қалған уақытта қайтара тексеріп шықтым дейді. Нәтижесін алғаш құрбыларынан естігенде қуанышын сөзбен жеткізе алмайды.

"Мектепке кіріп келдім. Сол кезде достарым айқай салып 125 деді. Жылап құшақтасып қуанышты бөлістік. Өзім керемет сезімде болдым әрине. Арқамнан ауыр жүк түскендей болды. Соңғы сынақ тестілеуде мен 123-тей алып жүрдім. Сол кезде менде сенімділік болды. 125 бал аламын деген", - дейді 125 балл алған түлек Гүлназ Ердосова.

Жамбыл облысында 6003 түлек тест тапсырады. Олардың ішінде "Алтын белгіге" 223 үміткер болса, тестілеудің алғашқы күні 52 оқушы өз білімін дәлелдеп шықты. Ал ең жоғарғы көрсеткішке қол жеткізген №45 классикалық гимназиясынан биыл 62 түлек тест тапсырған.

125 балға қол жеткізген Гүлназ болашақ жоспарымен де бөлісті. Бар ойын текстілеуге салған оқушы  әзірге жоғарғы оқу орнын таңдамапты.

"Мен Алла қаласа дәрігерлік оқуға барамын. Мықты дәрігер болғым келеді. Қазір ойланып жатырмын, мәлімет жинап. Ең жақсы білім қайда сол жерге барамын",  - дейді Гүлназ.

ҰБТ-да 125 балл жинаған оқушы тест жауаптарын небәрі 1 сағатта белгілеп шыққан

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.