Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ОҚО-да мәдениетсіз шендінің былапыт сөзін естуден шаршаған өнер адамдары шу шығарды

Жарияланған күні:

Мәдениеттен жұрдай басшы! Оңтүстік Қазақстандағы Мақтарал  ауданының мәдениет бөлімінің басшысы қарамағындағыларды балағаттап, тіпті жеке өмірлеріне араласады екен деп хабарлайды КТК арнасы.

Айтбай Тілесовтің аузына келгенін естуден жалыққан қызметкерлері ауданнан бастап, министрлікке дейін арызданған. Одан нәтиже шықпаған соң аудандағы мәдениетке жауапты мамандар ақыры плакат алып, көшегі өздері шықты.

Шымкентше шешесінен бастап, арамтамақ пен есек деген сөздерге қызметкерлердің әбден құлақтары үйреніпті. Айтбай Тілесов қызметке келген 4 жылда естімегеніміз жоқ дейді жыларман болған ауылдық мәдениет бөлімінің басшылары.

"Иттің астында жатсың ба? Кімнің астында жатсың, итіңмен деген сөздерді естідім. Енді ұятта болса айтайын. Сол сөздерді естуге қандай қақым бар менің. 5 баланың анасы болсам, өзім жесір болсам мені қорлауға қақысы бар ма ол кісінің?", - дейді Мақтарал мәдениет үйі директорының орынбасары Шеберкүл Дәуренбекова.

"Хабарландыру неге ілінбеген атаңа нәлет, ешак, арамтамақ дейді. Мені сонда Тілесов асырап отыр ма? 30 жылдан бері мені Тілесов сүйреп келе жатыр ма?", - дейді Достық мәдениет үйінің директоры Қымбат Ізбаева.

Адуынды басшыдан уақытылы айлық сұраудан да қорқатын болдық дейді ауылдық мәдениет үйінің басшылары. Ал клубтарда дені сау домбыра мен шымылдық секілді дүниелердің жаңартылмағанына талай жылдың жүзі болыпты. Мәселен, мәдениет үйіндегі еден тротуарға төселетін плиткалармен жабылған.

"Ауылдық жерлерге құрал-жабдықтар беру керек. Ондай ештеңе жоқ. Өз басымда қаламсап та жоқ", - дейді Ауылдық мәдениет үйінің директоры Дүйсек Жұмабаев.

Ашынған қызметкерлер жиналып бастығының жұмыс орнына барған. Бірақ Тілесовты кабинетінен таппай, ақыры оның біржола кетуін талап етті.

Айтбай Тілесовтің дөрекілігін аудан түгілі облыс деңгейіндегі шенеуніктер де жақсы біледі екен. Жазаға да тартылыпты. Бірақ, жұмыстан алатындай кінәсі жоқ деп отыр.

"Тәртіптік кеңестің шешіміне сәйкес бүгінгі таңда ол кісіге қатаң сөгіс түрінде жауапкершілік қаралады", - дейді Әлішер Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары Есенбеков.

Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасына келгелі басшының қыспағына шыдамай 20-дан астам адам жұмыстан кетіпті. Ал, қалғаны жеке басын балағаттағаны үшін енді Айтбай Тілесовты сотқа бермекші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/777840-oqo-da-madenietsiz-basshylarynynh-byla/