Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Темекі бағасы көтерілсе, еліміздегі шылым шегетіндер шатақ шығаруы мүмкін

Опубликовано:

Шылым шегетіндер шатақ шығаруы мүмкін. Өйткені елімізде темекі бағасы 1000 теңгеге дейін жетеді деген болжам бар.

Еліміздің денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мамандары "Темекі бұйымдарына салықты көтеру" керек деп ұсыныс тастады. Себебі әлеуметтік ахуалы Қазақстан сынды елдер темекіге салынатын акциздік салықты 3 есеге арттырып, шылым бағасын екі есеге көтерген.

Нәтижесінде темекіні тұтыну 40 пайызға төмендеген. Осыны оқып алған еліміздің денсаулық сақтау мамандары темекіге салықты көтерейік деп өре түрегелді.

Қараша айының үшінші бейсенбісі әлемде темекіден бас тарту күні болып бекітілген. Қазақстанда 2015 жылдың 10-19 қарашасы аралығында «Темекі бұйымдарына қарсымыз» деген ұранмен онкүндік өткізілді. Шараның мақсаты - еліміздегі темекі тұтынатындардың санын азайту. Өйткені Қазақстанда темекі өнімдері қолжетімді бағаға сатылады.

«Қарашаның 10-мен 19-ы аралығында темекі өнімдерін шығарушылардың салығын көтеру жөнінде онкүндік өткізілді. Шараны халықаралық темекіден бас тарту күніне арнайы ұйымдастырдық. Мақсатымыз - темекінің адам денсаулығына зиян екені түсіндіру»,- деді Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының бөлім жетекшісі Наталья Сүлейменова.

Биыл темекі акцизі 3900 теңгені құраған. Яғни, былтырғымен салыстырғанда 30 пайызға өсіпті. Темекі өнімдерінің салығын өсіру эконимакаға жақсы әсер етеді, түсім көбейеді. Денсаулыққа да жақсы, қымбат шылымға зауқы соқпағандар темекіден бас тартады деп сенеді мамандар.

«Экономиканы көтерудегі маңызды шараның бірі темекі өнімдерінің акцизін өсіру болып тұр. Шетелдік тәжірибелерге сүйене отырып, темекінің бағасын көтеруде айтарлықтай табысқа кенелуге болады. Темекіге деген сұраныс та кемиді»,- деді Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының үйлестірушісі Талина Ермұхамбетова.

Әлемде жыл сайын 6 миллионға жуық адам темекінің кесірінен түрлі ауруларға шалдығып, өмірден өтеді екен. Оның 600 мыңы темекі шекпесе де, соның түтінін жұтып сырқат болады. Елімізде 2014 жылы 2,8 миллион адамның темекі тартатыны анықталған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/963653-temeki-baghasy-koterilse-elimizdegi-sh/

pixel