jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ЖЖ
Жанар Жансеит
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда 12-жылдық оқу жүйесі екі жылдан кейін енгізіледі

: UGC

Қазақстанда 12 жылдық оқыту жүйесі бірінші сыныптарға 2017-2018 жылдары енгізіледі. Бұл туралы zakon.kz порталында өткен «Министрге сұрақ қой» атты онлайн-конференцияда Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.

«Қазақстанда 12 жылдық білім беруге толықтай 2020-2021 оқу жылдарында енгізу жоспарланған», - дейді министр.

Оның сөзіне қарағанда, 12 жылдық мектептің оқушылары жаңа пәндерді оқиды, үш тілде еркін сөйлеп, кең ауқымды білімге ие болады.

«Бұл өз кезегінде оқушыларға өз білімін өмірде қолдануға, өмірдің кез келген жағдайларында бәсекеге қабілетті болуға септігін тигізеді. Осыған байланысты отандық және шетелдік тәжірибелердің негізінде 12 жылдық білім беруге жаңа оқулықтар шығарылады», - деп түйіндеді сөзін Сәрінжіпов.

Қазақстанда 12-жылдық оқу жүйесі екі жылдан кейін енгізіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.