Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полтораниннің қан түріндегі допинг қабылдамағаны анықталды

Опубликовано:

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Алексей Полтораниннен қан түріндегі допинг анықталмағанын айтты. Бұл туралы австриялық полиция қызметі хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алексей Полторанин. Фото: eurosport.ru
Алексей Полторанин. Фото: eurosport.ru: Facebook

Министр спортшыға "қан ауыстырмақ болғаны" үшін айып тағылып отырғанын жеткізді.

"Біздің Полторанин қан ауыстырмаған. Ол Германиядағы жеке дәрігеріне барып, қан тапсырған. Мұның бәрі ресми түрде болды.

Қазіргі таңда заңгерлер мен қорғаушылармен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Шаңғышыға қан ауыстырғаны үшін емес, "ауыстырмақ болғаны" үшін айып тағып жатыр.

Бапкердің өзі қан ауыстыру болмағанын растады. Полторанинге қатысты тағы да қайталап айтамын. Қан түріндегі допинг болған жоқ. Мұны австралиялық полиция да растап отыр" , - деді министр.

Ол қазақстандық тарап Полторанинге тағылған айыпты жұмсарту үшін қолдан келгеннің бәрін істейтінін айтты.

"Біз қызығушылық танытып отырған органбыз. Ал ол - Қазақстан азаматы. Сол себепті біз оны қорғауға міндеттіміз" , - деді Мұхамедиұлы.

Оған қоса, министр Қазақстанда допинг қолданғаны үшін тағайындалатын жазаға қатысты заңнамада өзгеріс орын алып жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, Алексей Полтораниннің әлем чемпионатының алдында ұсталғаны хабарланған болатын. Допинг дауына ілінген шаңғышы жарыстан да шеттетілген еді.

Австрияда қамауға алынған Полторанин бірнеше күннен соң босап шықты.

Сонымен қатар, еліміздің Сыртқы істер министрлігі Полтораниннің байланысқа шығудан бас тартып жатқанын хабарлаған болатын.

Спортшы орын алған жағдайдан кейін Мәскеуге ұшып кеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1783037-poltoraninni-kan-trindegi-doping-kabyldamagany-anyktaldy/

pixel