jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Сұмдық аяқталды": Австрияда қамауға алынған Полторанинді босатты

    : UGC

    Қазақстандық шаңғышы Алексей Полторанин Австриядағы қамаудан босап шықты. Отандық спортшы темір торға антидопингтік тексеріс аясында тоғытылған болатын. Бұл туралы шаңғы жарыстары ұлттық федерациясының баспасөз қызметі мәлімдеді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Алексей Полторанин. Фото:Zakon.kz
    Алексей Полторанин. Фото:Zakon.kz: Instagram

    27 ақпан күні еш себепсіз абақтыға тоғытылған шаңғышы бүгінде бостандыққа шықты. Федерацияның мәлімдеуінше, Полторанинді мәселенің себеп-салдары мен өзіне қандай айып тағылғанын түсіндірместен қамауға алыпты.

    Анықталғандай, отандық спортшының қамауға алынуы әлем чемпионатының аса маңызды жарысының басталуына бір жарым сағат қалғанда орын алған.

    Федерация баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық құрама көшбасшысының жағдайы орын алған оқиғаға қарамастан қалыпты екен.

    Оның чемпионатқа әрі қарай қатысуы әлі белгісіз. Оған қоса, Полторанинді не себепті тұтқындағаны да беймәлім.

    "Қазіргі таңда біз бұл сұмдықтың аяқталғанына қуаныштымыз" , - деді ұлттық федерацияның баспасөз хатшысы Самал Наурызова.

    Айта кетейік, бұған дейін Полтораннің Австрияда қамауға алынғаны жөнінде хабарлаған болатынбыз.

    "Сұмдық аяқталды": Австрияда қамауға алынған Полторанинді босатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.