jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Допинг дауы: Полторанинді әлем чемпионатынан шеттетті

    : Facebook

    Австрияның Зеефильд қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында допинг дауына ілінген шаңғышылар уақытша жарыстан шеттетілді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фото: sports.kz
    Фото: sports.kz: Facebook

    Эстониялық спортшылар Карел Таммъярв пен Андреас Веерпалу, сондай-ақ қазақстандық Алексей Полторанин Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясынан шеттетілді.

    Қысқы спорттан Доминик Балдауф пен Макс Хаукені Австрияның ұлттық допингке қарсы агенттігі алыстатты.  

    5 шаңғышы да 2019 жылғы әлем чемпионатында қанға жіберілетін допинг қабылдағандарын мойындады.

    "Шаңғы федерациясы допингтің кез келген түріне қарсы. Таза спортшылар мен спорт ережелерін елемейтін кез келген шаңғышы жазаланады.

    Допингке қарсы ережелерді бұзған спортшылар заң бойынша, спорттық жетістіктері бойынша да қиындықтарға кездеседі. Бүгінгі шешім өзге спортшыларға осыны айқын түсіндіреді деген ойдамын",-деді халықаралық шаңғы федерациясының президенті Джанфранко Каспер.  

    Еске сала кетсек, Австрияда өтіп жатқан шаңғы жарысында 9 адам допинг пайдаланды деген күдікке ілінді. Оның арасында қазақстандық спортшы Алексей Полторанин де болған.

    Допинг дауы: Полторанинді әлем чемпионатынан шеттетті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.