RU

Головкиннің келесі жекпе-жегінің нақты күні белгілі болды

Геннадий Головкин
Фото: gggboxing

Геннадий Головкинмен жұмыс істейтін DAZN стримингтік қызметі қазақстандық боксшының кезекті жекпе-жегі қай күні өтетінін ресми түрде жария етті - GGG шаршы алаңға 18 желтоқсанда оралатын болды.

Бұл туралы DAZN Instagram желісіндегі ресми парақшасында хабарлады. Стримингтік қызметтің хабарлауынша, 18 желтоқсан күні Головкин рингте IBF нұсқасына үміткер, поляк боксшысы Камил Шереметамен кездеседі.

Жекпе-жек туралы ақпаратты Головкиннің өзі Instagram желісіндегі аккаунтына суретін жариялау арқылы растады.

Бұған дейін инсайдерлер жазғандай, жекпе-жек Техаста немесе Флоридада өтеді.

Шеремета мен Головкин арасындағы жекпе-жек Сауль "Канело" Альварес пен әлемнің британдық "супер чемпионы" Каллум Смиттің жекпе-жегі қарсаңында өтуі керек екендігі де айтылуда.

Сонымен бірге, DAZN стримингтік қызметі қазақстандықпен келісімшартты қайта қарауды жоспарлап отырғаны туралы ақпарат пайда болды. Кейбір мәліметтер бойынша, DAZN Головкиннің жекпе-жек үшін төлемін төмендетуді жоспарлап отыр.

Спорт бақылаушылары бұл шешім негізсіз емес деген пікірде.

Сарапшылардың пікірінше, қазақстандық боксшыға айтарлықтай танымал емес қарсыластарымен жекпе-жек үшін 15 миллион доллар төлеу - "ессіздік".

Сонымен қатар, танымал спорттық журналдың шолушылары келесі жылдың бірінші жартысында қазақстандық Геннадий Головкиннің кімдерден жұдырықтасуы мүмкін екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1886303-gennadij-golovkinni-kelesi-zekpe-zegini-nakty-kni-belgili-boldy/