Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ойын кезінде есін жоғалтқан футболшы қайтыс болды

Опубликовано:

Фото
Алекс Аполинарио: Фото: sport.ua

Португалия чемпионатының үшінші дивизионында өнер көрсететін "Алверка" клубының бразилиялық футболшысы Алекс Аполинарио матч кезінде есін жоғалтып, бірнеше күннен кейін ауруханада қайтыс болды деп жазады lenta.ru.

Шетелдік БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, 3 қаңтарда өткен "Униао Алмейримге" қарсы матчтың 27-минутында Аполинарио есін жоғалтқан.

Стадионда оған кезекшілікте болған дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, ауруханаға жіберген.

Дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, футболшыны құтқару мүмкін болмаған. Ол медициналық мекемеде көз жұмған.

Марқұм өнер көрсеткен клуб өкілдері Аполинарионың жанұясын көмек көрсетуге дайын екендерін жеткізген. Көз жұмған футболшы 24 жаста.

Еске сала кетсек, АҚШ-та дәрігер Pfizer вакцинасын еккеннен кейін екі апта өткенде көз жұмған болатын.

Марқұм болған дәрігер Грегори Майклдың жары Хайди Некельманның айтуынша, оның 56 жастағы күйеуіне 18 желтоқсанда вакцина егілген. Содан кейін 16 күн өткенде ер адам кенеттен қайтыс болған.

"Менің ойымша, оның өлімі 100 пайыз вакцинамен байланысты болды. Бұл жайтты басқаша түсіндіре алмай отыр", - дейді Некельманн.

Сонымен қатар Татарстанда төбешіктен сырғанаған үш жасар қыз бала көз жұмғанын хабарлаған едік.

Татарстан республикасы прокурорының көмекшісі Руслан Галиевтің хабарлауынша, қайғылы оқиға 2020 жылдың 31 желтоқсанында Елабужский ауданында болған.

Үш жасар қыз бала төбешіктен сырғанап келе жатып, ағашқа соғылған. Басынан ауыр жарақат алған бүлдіршін орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.

Прокуратураның дерегінше, 3 қаңтар күні бала көз жұмған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1892748-ojyn-kezinde-esin-zogaltkan-futbolsy-kajtys-boldy/

pixel