АҚШ-та Pfizer вакцинасын қабылдаған дәрігер қайтыс болды
Жарияланған күні:
АҚШ-та дәрігер Pfizer вакцинасын еккеннен кейін екі апта өткенде көз жұмды деп жазады РИА Новости.
Марқұм болған дәрігер Грегори Майклдың жары Хайди Некельманның айтуынша, оның 56 жастағы күйеуіне 18 желтоқсанда вакцина егілген. Содан кейін 16 күн өткенде ер адам кенеттен қайтыс болған.
"Менің ойымша, оның өлімі 100 пайыз вакцинамен байланысты болды. Бұл жайтты басқаша түсіндіре алмай отыр", - дейді Некельманн.
Хайдидің сөзіне сенсек, Майкл белсенді өмір салтын ұстанған, темекі шекпейтін, тек анда-санда ішімдік ішетін. Сонымен қатар екпе салғанға дейін денсаулығын тексеру кезінде одан ешқандай ауру табылмаған.
Вакцинациядан кейін үш күн өткенде ер адам қолынан және аяғынан қызыл дақтарды байқап, тері астына қан кетіп жатыр деген болжам жасайды. Тексеру кезінде дәрігерден тромбоциттердің жетіспеушілігі анықталған.
Дәрігерлер оған идиопатиялық тромбоцитопениялық пурпура диагнозын қойған. Бұл дертпен ауыратындардың ағзасы тромбоциттерді бөгде денелер ретінде қабылдап, көкбауырға оларды жою туралы сигнал береді.
Дәрігерлер ер адамды құтқаруға тырысқанымен, 3 қаңтарда ол миына қан құйылып, отаға дейін көз жұмған.
Pfizer екпесін шығарушы компанияның баспасөз қызметі Майклдың өліміне қатысты іс тергеліп жатқанын алға тартты. Компания мамандары вакцина егу мен Майклдың өлімі арасындағы тікелей байланысты көріп отырмағандықтарын атап өткен.
Еске салсақ, бұған дейін Норвегияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырған екі адам қайтыс болған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1892727-aks-ta-pfizer-vakcinasyn-kabyldagan-driger-kajtys-boldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.