Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Татарстанда төбешіктен сырғанаған үш жасар қыз бала көз жұмды

Опубликовано:

Қар үстіндегі сноуборд
Көрнекі фото: piqsels.com

Татарстанда төбешіктен сырғанаған үш жасар қыз бала мерт болды. Қазіргі уақытта аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалған деп хабарлайды РИА Новости.

Татарстан республикасы прокурорының көмекшісі Руслан Галиевтің хабарлауынша, қайғылы оқиға 2020 жылдың 31 желтоқсанында Елабужский ауданында болған.

Үш жасар қыз бала төбешіктен сырғанап келе жатып, ағашқа соғылған. Басынан ауыр жарақат алған бүлдіршін орталық аудандық ауруханаға жеткізілген.

Прокуратураның дерегінше, 3 қаңтар күні қыз бала көз жұмған.

"Елабугада шанамен сырғанау кезінде басынан жарақат алған қыз баланың өлімі бойынша "Абайсызда өлімге алып келу" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу прокуратураның бақылауына алынды", - дейді Руслан Галиев.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысы Көксу ауданында төбешіктен сырғанап, ауыр жарақат алған 10 жасар қыз бала көз жұмған болатын.

Көксу ауданы әкімдігінің мәліметінше, қайғылы жағдай демалып, сырғанауға арналмаған төмпешіктердің бірінде болған.

Сонымен бірге Солтүстік Қазақстан облысы Борки ауылындағы шаңғы базасында төбешіктен сырғанап, ауыр жарақат алған әйел де ауруханада қайтыс болған еді.

Ақ халаттылар 37 жастағы тұрғынға екі рет ота жасағанымен, оны аман алып қалу мүмкін болмаған.

Ал келіншек оқыс жағдайға ұшыраған сырғанақ тебетін жер негізінде шаңғышыларға арналған көрінеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1892741-tatarstanda-tbesikten-syrganagan-s-zasar-kyz-kajtys-boldy/

pixel