Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жас спортшы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Опубликовано:

Рахат Бекболат11
Фото: olympic.kz

Ташкентте ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр. Бүгін қазақстандық Рахат Бекболат алтын медаль жеңіп алды деп хабарлайды Olympic.kz

Ол 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіс тұғырына көтерілді.

Рахат қоссайыс қорытындысы бойына 377 (175+202) келіні бағындырған. 

Күміс жүлдені болгариялық Василь Маринов (370 келі), қоланы грузиялық Заза Ломтадзе (351) иеленді. 

Одан бөлек, бүгін тағы бір отандасымыз Батыр Жүкембаев кәсіпқой бокстағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Ол АҚШ-тың Калифорния штаты Карсон қаласында өткен кезекті жекпе-жегінде Пуэрто-Рикодан келген Сабриэль Матиаске есе жіберді.

Сонымен қатар, бүгін футболдан чемпиодар лигасының жеңімпазы анықталды. Бұл жолы лондондық "Челси" клубы "Манчестер Ситиден" 1:0 есебімен басым түсіп, Чемпиондар лигасының 2020/21 маусымындағы жеңімпазы атанды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1915136-qazaqstandyq-zas-sportsy-auyr-atletikadan-alem-cempiony-atandy/

pixel