jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Финалда бір-бірімен жекпе-жекке шығудан бас тартқан ақтаулық егіздер елді тәнті етті (видео)

    Қыздар
    Видеодан кадр: instagram.com/rezonans_news

    Ақтаулық таэквондошы егіз қыздар жарыстың финалында бір-бірімен жекпе-жекке шығудан бас тартты деп хабарлайды Lada.kz.

    Басылымның мәліметінше, жекпе-жектің нәтижесін "тас, қайшы, қағаз" деп аталатын ойын шешкен.

    Апалы-сіңлілі егіздер Айя мен Сая Кенжеғали таеквондо турнирінің финалында бір-бірімен жекпе-жек шығудан бас тартып, өзара танымал ойын арқылы жеңімпазды анықтауға шешім қабылдаған. Бұл ойында Айя жеңіске жетті.

    Маусым айының 9-13 аралығында Қызылорда облысында 2010-2011, 2012-2013 жылы туған жасөспірімдер арасында таэквондодан республикалық турнир өткен.

    Турнир Кеңес одағының батыры Тәйімбет Көмекбаевты еске алуға арналды. Жарыста республикамыздан 800-ден астам спортшы бақ сынасып, маңғыстаулық жас спортшылар жүлделі орындарға ие болған.

    Еске сала кетсек, бұған дейін Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үшем дүниеге келгенін жазған едік. 37 жастағы Назипа Янгибаева №1 облыстық перинаталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанған.

    Уақытынан ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынды. Білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарып қалған. Дүние есігін жаңадан ашқан нәрестелерге ерекше есімдер берілді. Әдемі, Ислам, Самира есімді үшемдер үйлеріне шығарылған болатын.

    Финалда бір-бірімен жекпе-жекке шығудан бас тартқан ақтаулық егіздер елді тәнті етті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.