Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы да үшем: Түркістан облысы үшем мен егіздер санынан рекорд орнатып келеді

Опубликовано:

Көпбалалы ана
Фото: otyrar.kz

Жыл басынан бері Түркістан облысының батыр аналары "үшемдетіп" рекордтық көрсеткішке қол жеткізіп отыр деп хабарлайды Otyrar.kz.

Жақында Түркістан облысы, Түлкібас ауданында үшем дүниеге келді. 37 жастағы Назипа Янгибаева №1 облыстық перинаталдық орталығында екі қыз бен бір ұл босанған.

Уақытынан ерте туылған үшемдер перинаталдық орталық дәрігерлерінің бақылауына алынды. Білікті медицина қызметкерлерінің көмегімен сәбилер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарып келеді. Дүние есігін жаңадан ашқан нәрестелерге ерекше есімдер берілді. Әдемі, Ислам, Самира есімді үшемдер жақында үйлеріне шығарылмақ.

Айта кетсек, үшем дүниеге келген отбасының бір ұлы мен екі қызы бар. Көпбалалы ана - үй шаруасын дөңгелетіп отырғандардың бірі. Ал, отағасы көлік жүргізушісі болып жұмыс істейді.

Былтыр № 1 Облыстық перинаталдық орталығында 8746 сәби дүниге келді. Жыл басынан бері 3108 нәресте туылған. Оның 72-сі - егіздер болса, екеуі үшем. Орталық дәрігерлері әр жыл сайын жүздеген шала туған нәрестелердің өмірін сақтап қалуда.

Еске салсақ, бұған дейін Түркістан облысында мереке қарсаңында үшем дүниеге келгенін жазған болатынбыз.

Сарыағаш ауданынының 34 жастағы тұрғыны Лаура Тұрарбекова 8-наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында үш қызды дүниеге әкелген.

Одан бөлек, Шымкентте 25 жастағы келіншек бірден бес баланың анасы атанғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914450-tagy-da-usem-turkistan-oblysy-usem-men-egizder-sanynan-rekord-ornatyp-keledi/

pixel