Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Беларусь балуанын Токио Олимпиадасының финалына шығарған қазақ бапкері кім

Опубликовано:

Жұматай Шубаев шәкіртімен
Жұматай Шубаев шәкіртімен: Спорт Якутия

Бүгін Токио Олимпиадасында еркін күрестен 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Бұл салмақта финалда күресетін Беларусь балуаны Магомедхабиб Кадимагомедовті кілемге қазақ бапкері Жұматай Шубаев алып шығуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Отандық күрес жанкүйерлері Беларусь атынан сынға түсетін дағыстандық Магомедхабиб Кадимагомедовті алға бастап шыққан қазақ бапкері екенін жарыса жазуда.

«Жұматай Шубаев отыз жылдан аса уақыт бойы Беларусьте тұрады және жергілікті ұлттық құраманы жаттықтырады. Одан бөлек, Гродненск қаласының бас бапкері. Жұматайдың жарты ғасырға жуық еңбегі Беларусь елі жоғары бағалайды. Ол «Беларусь Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағын алған. Жұматай Маратұлы ұзақ уақыт бойы шетелде тұрса да, Қазақстандағы еркін күрестің дамуын қадағалауға тырысады. Соңғы екі жылда Қазақстан мен Беларусь құрамалары бірнеше рет бірлескен жаттығу жиындарын өткізіп, Алматы және Тараз қалаларында жаттығып, тәжірибе алмасты», - деп жазады Prosportkz.kz.

Әлеуметтік желідегі мәліметтерге сәйкес, Жұматай Шубаев 1987 жылы бапкерімен бірге жақсы нәтижеге жету мақсатында Беларусь еліне көшкен.

Шубаевтан бөлек, Жезқазғаннан шыққан тағы он спортшы сол елде қалып қояды. Бүгінде Жұматай Шубаев Беларусь елінің аға жаттықтырушысы ретінде көптеген жетістіктерге жеткен. Атап айтар болсақ, 2016 жылы Рио Олимпиадасында Шубаевтың шәкірті Ибрагим Саидов қола жүлдегер атанған.

Ал Ресей құрамасына ілікпей, 2020 жылы Беларусь сапына ауысып, мамыр айында өткен ең соңғы лицензиялық турнирде Олимпиада жолдамасын алған Магомедхабиб Кадимагомедов Токио ойындарының финалына шықты.

Беларусь құрамасының аға бапкері жетекшілігімен ол әйгілі АҚШ балуаны Кайл Дэйкті 11:0 есебімен, әлем чемпионы, италиялық Франк Чамизоны 9:7 есебімен ұтты.

Финалда ол ресейлік Заурбек Сидаковпен белдеседі. Ал осы салмақтағы қола жүлдеге қазақстандық Данияр Қайсанов таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/1925910-belarus-baluanyn-tokio-olimpiadasynyn-finalyna-sygargan-qazaq-bapkeri-kim/

pixel