Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиададан Қазақстанға алтын сыйлаған Давид Дегтяревқа пәтер мен көлік табысталды

Опубликовано:

Давид Дегтярев
Давид Дегтярев. Фото: paralympic.kz

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Токио паралимпиадасынан жеңіспен оралған ақмолалық парапауэрлифтер Давид Дегтяревқа жаңа пәтер мен көліктің кілтін табыстады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысы құттықтау сөзінде өңірде спорт саласы қарқынды дамып келе жатқанын, бұқаралық спортты дамыту үшін бірқатар шаруа атқарылып жатқанын атап өтті.

"Спорт саласында 2 мыңнан астам маман еңбек етеді. Өңірдің қалалары мен ауылдарында 2,5 мың спорт нысанында 240 мыңнан астам әуесқой спортшылар жаттығады. Давид Дегтярев ақмолалық атлеттердің даңқты жеңістері жылнамасында лайықты орын алды. Біз оның жетістігін мақтан тұтамыз және зор денсаулық пен табыс тілейміз", – дейді Ермек Маржықпаев.

Облыс әкімі чемпионға көліктің кілтін және 3 бөлмелі жаңа пәтердің сертификатын табыс етті. Ал оның жаттықтырушы Юрий Колесников 5 миллион теңге берілді.

"Мен жеңісімді тамаша еліме арнаймын", - деп қуанышымен бөлісті Давид Дегтяров.

Айта кетейік, Давид Дегтяров Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені салған болатын.

Пауэрлифтингтен сынға түскен Давид 174 келіні бағындырып, XVI Паралимпиада ойындарының жеңімпазы атанды.

Одан бөлек, Зарина Байбатина, Әнуар Сариев және Дәулет Теміржан парадзюдодан күміс медаль жеңіп алды.

Сондай-ақ, 100 метрге брасс әдісімен жүзуден Нұрдәулет Жұмағали Паралимпиаданың қола жүлдегері атанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1930123-paralimpiadan-qazaqstanga-altyn-syilagan-david-degtyarevqa-pater-men-kolik-tabystaldy/

pixel