jitsu gif
Спорт

    Паралимпиада: Теміржан Дәулет Қазақстан қоржынына тағы бір күміс салды

    Теміржан Дәулет
    Теміржан Дәулет. Фото: paralympic.kz

    Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында 73 келіге дейінгі салмақтың финалында қазақстандық Теміржан Дәулет Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері өзбекстандық Феруз Саидовпен белдесіп, қарсыласына жол берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, қазақстандық пара дзюдошы алғашқы айналымда әзірбайжандық Рамиль Гасимовты, ширек финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері германиялық Николай Корнхассты, жартылай финалда грузиялық Георгий Калданиді таза ұтты.

    Қола жүлдені украиналық Руфат Могомедов пен литвалық Освальдас Бареикис иеленген.

    Осылайша, Теміржан Дәулет Паралимпиада ойындары тарихында дзюдодан екінші жүлдеге қол жеткізді.

    Естеріңізге сала кетсек, күні кеше 60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Әнуар Сариев күміс жүлдеге ие болған еді. Қазір Қазақстан пара дзюдошыларының еншісінде 2 күміс бар.

    Жалпы командалық есепте Қазақстан бір алтын, екі күміспен 18-орында келе жатыр.

    Паралимпиада: Теміржан Дәулет Қазақстан қоржынына тағы бір күміс салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.