Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Зарина Байбатина Паралимпиада ойындарының күміс медалін иеленді

Опубликовано:

Зарина
Фото: olympic.kz

Токиодағы Паралимпиада ойындарында Қазақстан дзюдошылары кезекті жүлдені ел қоржынына салды деп хабарлайды Olympic.kz.

Әйелдер арасында 70 келіден жоғары салмақта сынға түскен Зарина Байбатина Паралимпиаданың күміс медалін иеленді. Финалда ол әзірбайжандық Дурсадаф Каримовадан ұтылды.

Токио татамиінде Зарина Моңғолия және Италия балуандарын жеңген болатын.

Айта кетелік, бұл Заринаның алғашқы Паралимпиадасы. Зарина Паралимпиада ойындары тарихында дзюдодан үшінші жүлдеге қол жеткізді.

Еске салсақ, бұған дейін Теміржан Дәулет екінші күмісті ел қоржынына салған еді. Қазақстандық пара дзюдошы алғашқы айналымда әзірбайжандық Рамиль Гасимовты, ширек финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері германиялық Николай Корнхассты, жартылай финалда грузиялық Георгий Калданиді таза ұтты.

Ал финалда Рио Паралимпиадасының қола жүлдегері өзбекстандық Феруз Саидовпен белдесіп, қарсыласына жол берді.

Ал ең алғашқы күмісті 60 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан Әнуар Сариев иеленген болатын.

Одан бөлек, елімізге Паралимпиададан ең алғашқы алтынды пауэрлифтингтен ерлер арасында 54 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Давид Дегтярев тарту етіп отыр. Ол 174 келіні бағындырған. Күміс жүлдені Франция өкілі А. Боурлон, қола медальді Грекия өкілі Д.Бакохристос иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1929449-zarina-baibatina-paralimpiala-oiyndarynyn-kumis-medalin-ielendi/

pixel