Жуырда ғана тұңғышын өмірге әкелген танымал спортшы Сабина Алтынбекованы күйеуі мен жақындары перзентханадан шығарып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Жас босанған ана мен нәрестені перзентханадан шығарып алуға оның күйеуі Саят Салманұлы, сондай-ақ белгілі блогерлер мен жақын достары жиналған.
Перзентхана алдына жиналғандар жас анаға құшақ-құшақ гүлдерін ала келген.
Еске сала кетсек, Сабина Алтынбекова өткен жылдың 25 желтоқсанында тұрмысқа шыққан болатын. Спортшы ару сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/1936269-sabina-altynbekovany-zaqyndary-perzentxanadan-san-saltanatymen-sygaryp-aldy-foto/