RU

Сабина Алтынбекованы жақындары перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды (фото)

Сабина Алтынбекова жолдасымен
Фото: Instagram/sayat_salman

Жуырда ғана тұңғышын өмірге әкелген танымал спортшы Сабина Алтынбекованы күйеуі мен жақындары перзентханадан шығарып алды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жас босанған ана мен нәрестені перзентханадан шығарып алуға оның күйеуі Саят Салманұлы, сондай-ақ белгілі блогерлер мен жақын достары жиналған.

Перзентхана алдына жиналғандар жас анаға құшақ-құшақ гүлдерін ала келген.

Фото
Скриншот: instagram.com/altynbekova_20

Сабина
Скриншот: instagram.com/altynbekova_20

Сабина Алтынбекова
Скриншот: instagram.com/altynbekova_20

Еске сала кетсек, Сабина Алтынбекова өткен жылдың 25 желтоқсанында тұрмысқа шыққан болатын. Спортшы ару сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1936269-sabina-altynbekovany-zaqyndary-perzentxanadan-san-saltanatymen-sygaryp-aldy-foto/