RU

"Дикий Арман" әлем чемпионатында өнер көрсеткен отандық боксшыларға ақша таратты (видео)

Дикий Арман
Видеодан кадр: NUR.KZ

"Дикий Арман" Сербияның Белград қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында өнер көрсеткен қазақстандық боксшыларға ақша таратты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Желіде бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатына қатысып жатқан Қазақстан құрамасының видеосы тарады.

Онда "Дикий Арман" атымен танылған Арман Жұмагелдиевтің отандық спортшыларға ақша үлестіріп жатқанын байқауға болады.

Видеоны бастапқыда жиында отырғандардың бірі Instagram желісінің Stories бөлімінде бөліскен. Кейіннен бейнежазба желіде қызу талқыға түсті.

Айта кетейік, бокстан 2021 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының бес өкілі жартылай финалға шықты. Финалға жолдама алу үшін бүгін Теміртас Жүсіпов (48 келі), Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (54 келі), Серік Теміржанов (57 келі) пен Абылайхан Жүсіпов (67 келі) жұдырықтасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1940588-dikii-arman-alem-cempionatynda-oner-korsetken-otandyq-bokssylarga-aqsa-taratty-video/