Сабина Алтынбекованың ұлымен түскен фотосы көпшілікті тәнті етті

Опубликовано:

Волейболшы
Фото: Сабина Алтынбекованың әлеуметтік желідегі парақшасы

Танымал қазақстандық волейболшы Сабина Алтынбекова әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуі Саят Салманұлымен және ұлымен түскен отбасылық суретін жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Аяқ асты шешім шығару мен жеңіл қабылдау - біз туралы. Біз отау құруымыздың бір жылдығын атап өтуге Дубайға аттандық. Жақсы ұшып келдік. Баламыздың көңіл күйі жақсы", - деді спортшы Instagram-да.

Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жаңбырша жаудырды.

"Сабина, отбасыңыз аман болсын. Демалыстарыңыз жақсы өтсін", "Тіл көзім тасқа. Өте әдемісіз. Жаңа босанған әйелге ұқсамайсыз", "Бақыт тілеймін", "Жарасымды жұп", "Шаңырақтарыңыздан береке кетпесін", деді олар.

Еске сала кетсек, Сабина Алтынбекова өткен жылдың 25 желтоқсанында тұрмысқа шыққан болатын. Спортшы ару сүйіктісімен шариғат бойынша некесін қидырған.

Сонымен қатар, осы жылдың қазан айында тұңғышын өмірге әкелген Сабина Алтынбекованы күйеуі мен жақындары перзентханадан шығарып алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/1948733-sabina-altynbekovanyn-ulymen-tusken-fotosy-kopsilikti-tanti-etti/