Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасына жаңа бас бапкер тағайындалды

Опубликовано:

Магомед Адиев
Магомед Адиев. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына ресейлік маман Магомед Адиев тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Қазақстан футбол федерациясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Оның кандидатурасы Қазақстан футбол федерациясы атқарушы комитетінің шешімімен бекітілді.

Магомед Адиев "Анжи", "ЦСКА", "Спартак", "Терек" және қазақстандық "Жеңіс" секілді танымал футбол клубтарында доп тепкен.

Бапкерлік мансабын 2010 жылы бастап, "Ахмат", "Анжи", "Чайка" командаларын жаттықтырды.

2021 жылы қарағандылық "Шахтер" футбол клубының бас бапкері қызметін атқарып, УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіне жетті.

Сонымен қатар қарағандылық ұжымды Қазақстан кубогының финалына шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1968332-futboldan-qazaqstan-ulttyq-quramasyna-zana-bas-bapker-tagaiyndaldy/

pixel