Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тізімде Абаев, Еділов, Тұрлов бар: Футбол федерациясының атқарушы комитетінің жаңа құрамы сайланды

Жарияланған күні:

ала доп
Астанада конференция өтті. Фото: Kff

Астанада Қазақстан футбол федерациясының конференциясы өтті. Конференция делегаттары 2034 жылға дейін қазақстандық футболды дамыту Стратегиясын бекітті, деп жазады Қазақстан футбол федерациясының ресми сайты.

"Бүгінде қазақ футболы жүйелі реформаға мұқтаж. Алдағы үш жылда негізгі күшті келесі міндеттерді шешуге бағыттаймыз. Олар – балалар-жасөспірімдер және бұқаралық футболды дамыту, футбол мамандарын дайындау саласында сапалы серпіліс, бұқаралық футболға арналған футбол инфрақұрылымын жаңғырту.

Бұл мақсаттарды футболды дәріптеу, жарысты ұйымдастыру жүйесін жақсарту және футбол инфрақұрылымына жыл он екі ай қолжетімді болуын қамтамасыз ету", - деп атап өтті Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов.

Конференция қорытындысы бойынша Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің жаңа құрамы сайланды.

  1. Абаев Дәурен Әскербекұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі.
  2. Айтуғанов Қайрат Қапарұлы – Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Басқарма төрағасы.
  3. Байшақов Сейілда Икрамұлы – Қазақстан ардагерлер футбол одағының төрағасы;
  4. Ғылымов Әбілмәжен Қуанышұлы – Ken Dala Center акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы;
  5. Еділов Ербол Оңдағанұлы – GR Consulting Group ЖШС басқарма директоры;
  6. Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы – премьер-министрдің орынбасары – Қаржы министрі;
  7. Қырғызбаева Бегайым Сапарқызы – Қазақстан әйелдер құрамасының экс-капитаны, футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының бас бапкерінің көмекшісі, "Оқжетпес" футбол клубының бас бапкері;
  8. Нефедов Алексей Петрович – ARCADA компаниялар тобының бас директоры;
  9. Огай Эдуард Викторович - Kazakhmys Holding (Қазақмыс Холдинг) ЖШС директорлар кеңесінің төрағасы, "Қазақмыс корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы;
  10. Оразбеков Қайрат Айтмолдаұлы – "Қайрат" футзал клубының президенті;
  11. Сейітқазынов Санжар Дүйсембайұлы – Президенттік кадрлық резервке үміткер;
  12. Сидельковский Владимир Семенович – "Рахымжан-Петролеум" ЖШС бас директоры;
  13. Турлов Тимур Русланович – "Фридом Финанс" акционерлік қоғамының директорлар кеңесінің төрағасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1988625-tizimde-abaev-edilov-turlov-bar-futbol-federaciyasynyn-atqarusy-komitetinin-zana-quramy-sailandy/