Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ең үздік клиникада жатыр": Ербосынұлының жағдайына қатысты ресми компания мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Айдос Ербосынұлы
Айдос Ербосынұлы. Фото: Company “Suleimen Promotions“

Suleimen Promotions компаниясы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында Айдос Ербосынұлының жағдайына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Suleimen Promotions компаниясының барлық ұжымы Айдос Ербосынұлының жағдайына алаңдаулы және денсаулығына күнделікті бақылау жасауда. Біздің қайтпас қайсар батырымыз біз үшін кәсіпқой бокстағы "ең үздік" болып қала бермек.

Қазір Айдос Минеаполис қаласындағы үздік клиникалардың біріне жатқызылды. Дәрігерлердің сөзінше, жағдайы бірқалыпты, біз оның денсаулығы жақсаратынына сенімдіміз.

Спортшымыздың емделуіне жұмсалатын барлық шығындарды ұйымдастырушы компания өз мойнына алды.

Сондай-ақ Айдостың жауынгерлік рухын көтеру мен өзін жақсырақ сезінуі мақсатында Қазақстандағы жақындарын АҚШ-қа алтырту жолында жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып кеткіміз келеді.

Әрине, спорттың қай түрінде де, соның ішінде кәсіпқой бокста жарақат алу қаупі жоғары.

Алайда біз кез-келген жағдайда Айдос Ербосынұлының денсаулығы қалпына келуі үшін барлық көмекті көрсетететін боламыз", - делінген ресми хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлының АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен титулдық жекпе-жегі нокаутпен аяқталғанын хабарлаған едік.

Супер орта салмақтағы WBA World титулы сарапқа салынған кездесу 12 раундқа жоспарланған болатын. Алайда жекпе-жектің аяқталуына санаулы сәт қалғанда кубалық былғары қолғап шебері Давид Моррель отандасымызды нокаутқа жіберді.

Кейінірек Айдостың жасанды комаға түскені хабарланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1996042-en-uzdik-klinikada-zatyr-erbosynulynyn-zagdaiyna-qatysty-resmi-kompaniya-malimdeme-zasady/

pixel