Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Спортшы емес, сайқымазақ секілді": Жанқош Тұраров пен Арман Әшімнің биі желіні жарды

Опубликовано:

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров. Фото: Instagram/zhankoshturarov

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров пен аралас жекпе-жек шебері Арман Әшімнің шаршы алаңда билеген сәті желіде тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видеоны спортшылар Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады.

Кадрдан шаршы алаңда билеген Жанқош Тұраров пен Арман Әшімді байқауға болады.

Бұны көрген желі оқырмандарының пікірі екіге бөлінген.

Бірі спортшылардың әрекетін ерсі деп бағаласа, екінші тарап Жанқош пен Арманға қолдау көрсетті.

"Жігіттер тек алға. Алдағы кездесулеріңде жеңіс тілейміз", "Спортшы емес, сайқымазақ секілді", "Осылай билеп жүріп, жеңіліп қалмасаңдар болды", "Сіздерге спортпен бірге өнерді қатар алып жүру керек", "Дұрыс дайындалсаңдар жөн еді. Айдос Ербосынұлының жеңісінен соң өзіме келе алмай жүрмін", "Қазақтың маңдайына біткен арландарына сәттілік", - деді олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2000543-sportsy-emes-saiqymazaq-sekildi-zanqos-turarov-pen-arman-asimnin-bii-zelini-zardy-video/

pixel