Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ердоған: Роналду Палестинаны қолдағасын әлем чемпионатында оны есептен шығарып тастады

Опубликовано:

Криштиану Роналду пенальти соғуға дайындалуда
Криштиану Роналду. Фото: twitter/fifaworldcup

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Катардағы әлем чемпионатында жеңіліс тапқан Криштиану Роналдуға қолдау көрсетті. Бұл туралы sports.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бұрын Ердоған Месси мен Роналдудың ішінен Криштиануға бүйрегі бұратынын айтқан болатын. Ол Катардағы әлем чемпионатынан соң бұл пікірінен айнымаған.

"Оларды салыстыратын біз емес. Әрине, Роналдуды есептен шығарып тастады. Өкінішке қарай, оған саяси санкциялар салып, сызып тастады.

Мұндай футболшыны екінші таймда 15 минут немесе жарты сағатқа алаңға шығару арқылы психологиясын құртып, бар энергиясын тартып алды.

Роналду - палестиналықтарды қолдайтын адам", - деді Эрзурумда сөз алған Ердоған.

Айта кетелік, Роналду бастаған Португалия құрамасы әлем чемпионатының ширек финалында жеңілген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2003095-erdogan-ronaldu-palestinany-qoldagasyn-alem-cempionatynda-ony-esepten-sygaryp-tastady/

pixel