jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Ел үмітін ақтай алмадым": Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

    Айдос Ербосынұлы
    Айдос Ербосынұлы. Фото: Suleimen Promotions

    Қазақстандық кәсіпқой боксшы Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бұл туралы былғары қолғап шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

    "Соңғы жекпе-жекте ел үмітін ақтай алмадым. Кәсіпқой рингте алғаш рет жеңілістің ащы дәмін сезіндім. Спортта да өмір сияқты, жеңіс пен жеңіліс қатар жүретіні айдан анық.

    Бұл жекпе-жекті өте ұзақ күттім. Жекпе-жек сәл ертерек болуы керек еді, біз оған дайын болдық. Бірақ белгілі бір себептермен қарсыластың командасы жекпе-жекті біраз уақыт созып жүрді.

    10-12 ай формада жүру оңай емес. Оның үстіне жекпе-жекке ұзақ шықпаған соң, салмақты да қадағалап жүру оңайға соқпайды. Жекпе-жекке салмаққа түсер алдында тура 56 сағат нәр татпай, 3 жаттығу жасадым. Сөйтіп барып қана салмақтан өттім.

    "Неге салмаққа дұрыс қарамадың?" - дерсіздер, бірақ мен салмақты дұрыс түсірдім. Өйткені диетологым бергенді ғана жеп, бермегенінен тыйылдым. Дегенмен, болар іс болды.

    “Былай істегенде былай болар еді, бүйткенде солай болар еді” -деген ойға берілуден аулақпын.

    Тағдырымда солай жазылған екен. Бұның да бір қайыры бары айдан анық. Бірақ мен қазақтың қайсар мінезін, шаршы алаңда көрсете білдім деп ойлаймын", - деді Айдос Ербосынұлы.

    Еске салсақ, Айдос Ербосынұлы АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өткен жекпе-жекте кубалық Давид Моррелюден нокаутпен жеңілген еді. Жекпе-жектен кейін боксшының ауруханаға түскені хабарланды. Дәрігерлер боксшыны жасанды комаға түсіріп, ота жасады.

    Кейін Айдос Ербосынұлының комадан шығып, денсаулығының жақсарғаны белгілі болды.

    "Ел үмітін ақтай алмадым": Айдос Ербосынұлы комадан шыққаннан кейін алғаш рет мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram