jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    16 жастағы ресейлік шаңғышы қыз Қазақстан азаматтығын алды

    Александра Скороходова тау баурайында
    Александра Скороходова. Фото: instagram/_skorokhodova_a

    16 жастағы ресейлік шаңғышы Александра Скороходова Қазақстан азаматтығын алды. Енді ол ресми жарыстарда Қазақстан намысын қорғайды, деп жазады Prosports.kz басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Александра жақсы нәтиже көрсетіп жүргендіктен өз қатарымызға алдық. 16-17 жас аралығында ол мықты саналады. Сондай-ақ бұл біздің спортшыларымыздың деңгейін көтеру үшін керек. Мықты болу үшін өзіңнен де мықтылармен жаттығу қажет.

    Ол өз мансабын біздің елде жалғастыру туралы шешім қабылдады. Қазір ол бізбен бірге жаттығып жүр, Қазақстан құрамасының сапында сынға түседі.

    Оның болашағы зор, Ресейдің абсолютті чемпионы. Бізбен бірге жүріп өте жақсы нәтиже көрсетті", - дейді тау шаңғысынан жаттықтырушы, жоғары спорттық шеберлік мектебінің аға бапкері Марк Шпарберг.

    Халықаралық шаңғымен жүргіру федерациясының ресми сайтында да Скороходова Қазақстан азаматы ретінде көрсетілген.

    Спортшының өзі де бұған қатысты пікір білдірді.

    "2022 жыл бәрін өзгертті. Енді қорытындылайтын кез келді. Биыл менің есімде ұзаққа дейін сақталатын жарқын сәттер болды. Оның ішіндегі ең жарқыны - Қазақстан Республикасының азаматтығын алу еді", - деді Александра Скороходова.

    Еске сала кетейік, бұған дейін ресейлік футболшы Мингян Бевеевтің де Қазақстан құрамасына ауысуы мүмкін екенін хабарлаған болатынбыз.

    16 жастағы ресейлік шаңғышы қыз Қазақстан азаматтығын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.