Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресейлік басылым Елена Рыбакинаны әлемдегі бай қалыңдықтардың қатарына қосты

Жарияланған күні:

теннис
Рыбакина кортта. Фото: Anthony Wallace/AFP via Getty Images

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Australian Open - 2023 турнирінің финалында ұтылып, екінші орын иеленді. Бірақ ол жеңіліске қарамастан ірі табысқа ие болды. Бұл туралы Чемпионат сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Елена Рыбакинада 6 389 853 АҚШ доллары болатын. Ол жекелей сында үш ірі жарысты ұтып алған. Кешегі финалдан соң қазақстандық спортшы 1 120 000 АҚШ долларын алады. Бұл шамамен 516 миллион теңге. Сондай-ақ ол жұптық сында Анастасия Павлюченковамен бірге үшінші айналымға жеткені үшін 46 408 доллар (шамамен 21 миллион 375 мың теңге) иеленді. Өз мансабында Елена жалпы есебі 7 556 261 доллар ақша тапқан.

Ал Арина Соболенконың жалпы гонорары 14 352 010 доллар. Бір қызығы, екі спортшы үшін де үздіктерге жету оңай емес. Серена Уильямстың жүлде қоры - 94 816 730 доллар, оның әпкесі Винус теннистен 42 406 778 пайда тапқан. Симона Халептің табысы - 40 203 437 доллар, ал Мария Шарапованың еншісінде 38 777 962 доллар бар", - деп жазады сайт.

Айта кетелік, Елена Рыбакина өз мансабында екінші рет "Үлкен дулыға" турнирінің финалына шығып, қазақстандық теннис тарихында болмаған жағдайды тіркеді.

Australian Open - 2023 турнирінің финалында Рыбакина белоруссиялық Арина Соболенкоға үш сет қорытындысы бойынша есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007218-reseilik-basylym-elena-rybakinany-alemdegi-bai-qalyndyqtardyn-qataryna-qosty/