Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина Australian Open-2023 турнирінің финалында жеңіліп қалды

Опубликовано:

теннис
Рыбакина кортта. Фото: Anthony Wallace/AFP via Getty Images

Елена Рыбакина теннистен Аустралия ашық біріншілігінің финалында әлемнің бесінші ракеткасына жол берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Australian Open-2023 турнирінің финалында қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкомен шеберлік байқасты.

2 сағат 29 минутқа созылған ойында Елена Рыбакина 6:4, 3:6, 4:6 есебімен қарсыласына есе жіберді.

Айта кетейік, Елена Рыбакина - Australian Open турнирінің финалына шыққан жалғыз қазақстандық теннисші. Бұған дейін ешбір спортшымыз жекелей сында мұндай нәтиже көрсетпеген.

Ол Аустралия ашық біріншілігі барысында италиялық Элизабетта Коччаретто, словакиялық Кайя Юван, америкалық Даниэль Коллинз, польшалық Ига Швентек, латвиялық Елена Остапенко, Беларусь өкілі Виктория Азаренконы жеңді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2007163-elena-rybakina-australian-open-2023-turnirinin-finalynda-zenildi/