Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен ерлі-зайыпты волейболшылар қайтыс болды

Опубликовано:

Бетюль Чобан Чакыр жұбайымен үйлену тойы қарсаңында
Бетюль Чобан Чакыр жұбайымен. Фото: Fanatik

Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен ерлі-зайыпты волейболшылар қайтыс болды. Бұл туралы Fanatik сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Газиантеп қаласындағы "Меринос" волейбол клубында ойнайтын Бетюль Чобан Чакыр пен оның күйеуі Бедреддин Чакырдың денесі қирандылар астынан табылды.

Бетюль 27 жастағы кәсіби ойыншы. Ал оның күйеуі Бедреддин әуесқой деңгейде өнер көрсеткен.

Айта кетелік, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен кейін қиранды астында қалған бес балуан, кейін сегіз спортшы құтқарылды.

Сондай-ақ белгілі футбол жаттықтырушысы зілзала кезінде өзінің 15 туысынан айырылып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2008464-turkiyadagy-zoiqyn-zer-silkinisinen-erli-zaiypty-voleibolsylar-qaitys-boldy/

pixel