Түркиялық бапкер жойқын жер сілкінісінде 15 туысынан айырылып қалды
Опубликовано:
"Сивасспор" клубының бас бапкері Риза Чалымбай көмекшісі Айхан Тенбелоглудың 15 туысы Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қайтыс болғанын айтты, деп жазады haberglobal сайты.
Риза Чалымбай зілзалаға қатысты мәлімдеме жасаған.
"Бұл өте қайғылы жағдай. Біз Сиваста болсақ та қатты қайғырып отырмыз. Ұйқыдан тұрған бойда бұрынғы көмекшіме хабарласып, сол жақтағы жағдайды сұрастырдым. Көмекшім Айханның отбасындағы 15 адам жер сілкінісінен көз жұмды", - деді Чалымбай Cumhuriyet сайтына жариялаған сұхбатында.
Айта кетелік, бұған дейін Түркиядағы зілзаладан соң үйінді астында қалған 5 балуан құтқарылды.
- Түркиядағы жер сілкінісі: құтқарушылар бес балуанды қиранды астынан алып шықты
- Түркияда тікелей эфир кезінде тағы бір ғимарат опырылып түсті (видео)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2008369-turkiyalyq-bapker-zoiqyn-zer-silkinisinen-son-15-tuysqanynan-aiyrylyp-qaldy/