Түркияның Қахраманмараш аймағында болған жойқын жер сілкінісінде 40 балуан үйінді астында қалып қойған. Бүгінде бес балуан құтқарылды, деп хабарлайды haberglobal сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
6 ақпан күні Олимпиада чемпионы Таха Ақгүл Қахраманаш ауылындағы спорттық клубтың ғимаратында тұратын қырыққа жуық балуанның қиранды астында қалғанын хабарлаған болатын.
Басылым мәліметінше, Түркия күрес федерациясы Қахраманаштағы жер сілкінісінен соң қиранды астында қалған бес спортшының құтқарылғанын хабарлады.
"Қахраманаш ауылындағы үйінді астынан құтқарылған балуандардың саны беске жетті. Іздеу- құтқару жұмыстары қарқынды және үлкен сеніммен жүргізілуде", - делінген хабарламада.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/fight/2008358-turkiyadagy-zer-silkinisi-bes-baluan-qirandy-astynan-qutqaryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.