Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі матчта төрт гол соғып, рекорд орнатқан Роналду мәлімдеме жасады (фото)

Опубликовано:

Роналду мен Бернарду Силва
Роналду мен Бернарду Силва жасыл алаңда. Фото: Twitter/Portugal

Әлем футболының жұлдыздарының бірі Криштиану Роналду Португалия сапындағы соңғы екі ойынға баға берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы португалиядық сұрмерген Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"2 ойын, 2 Жеңіс! Мақсатқа қол жеткіздік. Іріктеу кезеңінің сәтті басталуына үлес қосқанымa қуаныштымын. Алға", - деді Криштиану Роналду.

Айта кетейік, Еуро-2024 іріктеу кезеңінің алғашқы турында Португалия құрамасы Лихтенштейнді (4:0), кеше, 26 наурызда Люксембургті ұтты (6:0).

Екі матчта Криштиану Роналду төрт гол соғып, жаңа рекорд орнатты.

Португалиялық сұрмерген ұлттық құрама сапында 122 гол соққан алғашқы футболшы атанып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/2014183-eki-matcta-tort-gol-sogyp-rekord-ornatqan-ronaldu-malimdeme-zasady-foto/

pixel