jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Данияны жеңген Қазақстан құрамасының ойыншыларына сыйақы берілетін болды

    футбол
    Қазақстан мен Дания арасындағы ойынның аяқталған сәті. Фото: ҚФФ

    Қазақстандық футболшылар Еуро-2024 іріктеуінде Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы құраманың бас бапкері Магомед Адиев мәлімдеді, деп хабарлайды Хабар 24.

    Бас бапкердің сөзінше, қазақстандық футболшылар үшін жанкүйерлер мен халықаралық сарапшылардың берген бағасы маңызды.

    "Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі - қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды", - деді Магомед Адиев.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Еуро-2024 іріктеу кезеңінде Даниядан ұтылып жатып, жеңісті жұлып алған еді.

    Данияны жеңген Қазақстан құрамасының ойыншыларына сыйақы берілетін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.