Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қуат Хамит көз арбасу сәтінде қарсыласымен төбелесе жөнелді (видео)

Опубликовано:

Қуат Хамитов пен Зелимхан Юсупов
Қуат Хамитов пен Зелимхан Юсупов. Фото: жеке мұрағат

Бүгін Алматыда Hardcore Fighting Championship турниріне қатысушылар салмақ өлшеу рәсімін өткізіп, турнирдің басты жұлдыздарының бірі Қуат Хамит қарсыласымен ерегісіп қалды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуат Хамит Алматыда тұңғыш рет өткізілетін Хардкор турнирінде ресейлік Зелимхан Юсуповпен кездеседі.

Салмақ өлшеу рәсімінде Қуат қарсыласын мерзімінен бұрын жеңетінін айтты. Ал Зелимхан оның бұл сөзіне шамданып, көз арбасу кезінде Қуатқа тарпа бас салды.

Ұйымдастырушылар екеуіне ара түсіп, файтерлер негізгі мәселені ертеңгі жекпе-жек кешінде шешетін болып тарқасты.

Айта кетелік, Хардкор турнирі ММА-ден ТМД елдерінің басты жұлдыздарын Алматыда жинап отыр.

Салмақ өлшеу рәсіміне жаңбыр жауып тұрғанына қарамастан қалың жанкүйер жиналды. Олар өздерінің сүйікті спортшыларымен суретке түсіп, қолдау көрсеткен.

"Алматы Аренада" өтетін ертеңгі кеште қазақстандық Мұратбек Қасымбай мен ресейлік Алвасет Мамиевтің кездесуі басты жекпе-жек саналады.

Одан бөлек, төмендегі спортшылар октагонга шығады:

Азамат Бақытов – Максим Соколов

Бағдат Дүйсембаев – Игорь Барабанов

Азизхан Чоршанбиев – Жұман Жұмабеков

Қуат Хамитов – Зелимхан Юсупов

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/mma/2021198-quat-xamit-koz-arbasu-satinde-qarsylasymen-tobelese-zoneldi-video/

pixel