Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Айтатын ештеңесі жоқ": Данияр Елеусінов менеджеріне қатысты мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Боксшы
Фото: Данияр Елеусіновтің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Рио Олимпиадасының жеңімпазы Данияр Елеусінов кәсіпқой бокстағы менеджерлеріне қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы былғары қолғап шебері Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Олардың ендігі уақытта айтатын ештеңесі жоқ. Енді олар не ойлап табу керек екенін білмейді. Мен келісімшартты көрген емеспін. Оны әдейі көрсеткен жоқ. Олардың қандай қу екенін көріңіздер. Олар келісімшартқа сәйкес жекпе-жек ұйымдастыруға міндетті емес. Ал промоутерлік келісімшарттан бас тартуға құқығы бар. Сонда жұмыстарының мақсаты неде? Қалай ойлайсыздар?", - деді кәсіпқой боксшы.

Айта кетейік, бұған дейін Данияр Елеусінов менеджерлер - Зия Алиев, Элвиса Креспо, Джо Кьямбомен келісімшартты тоқтату бойынша сотқа жүгінген болатын.

Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов соңғы айқасын 2021 жылы 18 желтоқсанда Астана қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткізген. Оның қарсыласы аргентиналық Хуан Эрнан Леао болды.

Данияр Елеусінов жекпе-жекті өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.

Жалпы барлық раундта Елеусінов жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2021658-aitatyn-estenesi-zoq-daniyar-eleusinov-menedzerine-qatysty-malimdeme-zasady/

pixel