
Нұр-Сұлтан қаласында өткен бокс кешінде Данияр Елеусінов пен аргентиналық Хуан Эрнан Леаль жұдырықтасты. Айқас отандасымыздың пайдасына шешілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Кездесу Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті.
Данияр Елеусінов айқасты өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.
Барлық раундта қазақстандық былғары қолғап шебері жоғары деңгейде өнер көрсетіп, аргентиналықты қуып жүріп "сабады".
Нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Данияр Елеусінов бос тұрған IBO тұжырымы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуіне қол жеткізді.
Айта кетейік, бұл отандасымыздың кәсіпқой бокстағы он бірінші жеңісі. Алты жекпе-жекте Данияр Елеусінов қарсыластарын нокаутқа жіберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1947358-quyp-zurip-urdy-daniyar-eleusinov-qarsylasyn-us-ret-nokdaunga-ziberip-alem-cempiony-atandy/