Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия ойындарына қатысатын боксшылар қалай анықталады: Мырзағали Айтжанов жауап берді

Опубликовано:

Мырзағали Айтжанов пен бапкерлер құрамы
Мырзағали Айтжанов. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов Азия ойындарына қатысатын боксшылар қалай анықталатынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазір ұлттық құрама боксшылары мен бапкерлері демалыста.

12 маусымда Астанада оқу-жаттығу жиыны басталады.

Елордаға біріккен оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Жапония, Филиппин, Бразилия құрамалары да келмек.

Мырзағали Айтжановтың айтуынша, бұл жиынның қорытындысы бойынша бірнеше салмақта Азия ойындарында ел намысын қорғайтын боксшылар анықталмақ.

Айта кетейік, бұған дейін Мырзағали Айтжанов Ташкенттегі әлем біріншілігін қорытындылаған еді.

13 мамырда Санжар Тәшкенбай әлем чемпионы атанса, Дулат Бекбауов күміс медаль еншіледі.

Ал 14 мамырда Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай ел қоржынына алтын медаль салды.

Ташкенттегі байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан ертерек шығып қалды.

Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Халықаралық бокс федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, байрақты бәсекенің чемпиондарына - 200 мың, екінші орын алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілген.

Яғни, қазақстандық төрт боксшы 200 мың доллардан алған. Олар: Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай.

Ал Дулат Бекбауов 100 мың долларға ие болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022186-aziya-oiyndaryna-qatysatyn-bokssylar-qalai-anyqtalady-myrzagali-aitzanov-zauap-berdi/

pixel