Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте топ жарған отандық боксшыларға 100 мың доллардан берілді

Опубликовано:

Махмұд Сабырхан
Махмұд Сабырхан өзбек боксшысына қарсы. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Өзбекстан астанасы Ташкентте топ жарған отандық боксшыларға 100 мың доллардан берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеңес Рақышев бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Ташкентте чемпион атанған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайға 100 мың доллардан берді.

Ал Өзбекстан астасында күміс жүлдеге ие болған Дулат Бекбауовқа 50 мың доллар және швейцариялық сағат сыйға тартты.

Сонымен қатар Нью-Делиде өткен әйелдер арасындағы әлем біріншілігінде ел қоржынына жүлде салған Карина Ибрагимова, Лəззат Күнгейбаева, Алуа Балқыбекова, Надежда Рябец, Валентина Хальзова және Фариза Шолтайға 10 мың доллардан табысталды.

Бокс федерациясы тарапынан сыйақы алғандардың қатарында жаттықтырушылар тобы, кеңесшілер және жеке бапкерлер бар.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өткен әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы төрт алтын және бір күміс медаль жеңіп алды. Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай чемпион атанса, Дулат Бекбауов финалда өзбек боксшысынан жеңіліп, екінші орынды қанағат тұтты.

Жалпы Өзбекстан астанасындағы байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның сегізі жарыс жолынан ертерек шығып қалды.

Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Халықаралық бокс федерациясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, байрақты бәсекенің чемпиондарына - 200 мың, екінші орын алғандарға - 100 мың, қола жүлдегерлерге 50 мың доллардан берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2022844-taskentte-top-zargan-otandyq-bokssylarga-100-myn-dollardan-berildi/

pixel