jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстан бокс федерациясының президенті Дулат Бекбауовқа қымбат сағат сыйлады

    Кеңес Рақышев пен Дулат Бекбауов
    Кеңес Рақышев пен Дулат Бекбауов. Фото: KAZ.NUR.KZ тілшісі

    Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Ташкенттегі әлем біріншілігінде күміс жүлдеге ие болған Дулат Бекбауовқа швейцариялық сағат сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Бұл сәт бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде орын алған. Кеңес Рақышев Ташкентте өткен байрақты бәсекеде күміс жүлдеге ие болған Дулат Бекбауовқа қымбат сағатты сыйға тартқан.

    Сонымен қатар ол Қазақстан ерлер құрамасының бас бапкеріне темір тұлпар мінгізді және 25 мың доллар сыйақы берді.

    Еске сала кетейік, Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Дулат Бекбауов финалда Өзбекстан өкілі Асадхуджа Муйдинхуджаевпен жұдырықтасты. Тартысты өткен жекпе-жекте отандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіліп қалды. Осылайша, Дулат Бекбауов әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

    Қазақстан бокс федерациясының президенті Дулат Бекбауовқа қымбат сағат сыйлады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.