jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Конор Макгрегорды таң қалдырған қазақ баласының видеосы 14 млн қаралым жинады

    : Instagram

    Ережесіз жекпе-жек шебері, әйгілі Конор Макгрегордың жүрісін айнытпай салған қазақ баласының видеосы спортшының желідегі парақшасында 14 миллионнан аса қаралым жинады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Али Таланат. Фото отбасының жеке мұрағаты мен видеодан кадр. Коллаж KAZ.NUR.KZ
    Али Таланат. Фото отбасының жеке мұрағаты мен видеодан кадр. Коллаж KAZ.NUR.KZ: Instagram

    Еске сала кетейік, әйгілі ирландиялық спортшы Конор Макгрегор Instagram парақшасында өзінің жүрісін салған балақайдың видеосын жариялады.

    Кейін видеоның Қазақстанда түсірілгені және ондағы балақайдың қызылордалық бес жасар Әли Талант екені анықталды.

    Бүгінде Конордың парақшасындағы Әлидің видеосы 14 миллионнан аса қаралым жинап үлгерген.

    Осы орайда, KAZ.NUR.KZ тілшісі талантты балақаймен тілдескен болатын.

    Әли Талант Бақытжанұлы Қызылорда қаласының тумасы. Ол бес жаста және 7-8 айдан бері таеквондомен шұғылданады. Бапкерлерінің айтуынша, Талант өте жаужүрек және болашағынан үміт күттіретін спортшы.

    "Таланттың біздің залға келгеніне көп болған жоқ. Десе де, ол бірден бізді талантымен баурап алды. Жасы кіші болса да, өзінен үлкен спортшылардан қорықпайды. Бірнеше рет жарысқа қатысып, жүлделі орын алып үлгерді. Ал Конор Макгрегордың жүрісін жарыс кезінде айнытпай салғаны бізді одан әрі таңырқатты. Ол Конордың жанкүйері екен", - дейді Таланттың жаттықтырушысы Ербол Бейсенбай.
    Али Таланат жарыста
    Али Таланат жарыста: Depositphotos

    Таланттың өзі болса, таеквондодан бөлек, бокс пен ережесіз жекпе-жекті жақсы көреді.

    "Бокста Данияр Елеусіновті, ережесіз жекпе-жекте Конор Макгрегорды үлгі тұтамын. Болашақта Конор сияқты чемпион болғым келеді", - дейді бес жасар балақай.

    Талант үйіндегі үш баланың үлкені. Одан кейін екі қарындасы бар. Әкесі Бақытжан ұлының бірден танымал болып кететінін мүлде күтпеген.

    "Үйде теледидар қосулы тұрады, отбасымыз спорттық жарыстар көреміз. Сондай сәттердің бірінде Конорды ұнатып, жүрісін салып үйреніп алды. Бірақ ұлым дәл осылай танымал болып, тіпті, Макгрегор парақшасына салады деп ойлаған жоқпыз.
    Видеоны да спортшыға біз жолдаған емеспіз. Өзінің Instagram-ға шыққанын ұлым толық түсінер емес. Арасында "Конормен енді кездесемін бе?" деп сұрап қояды. Талант спортқа жақын, өзі залға апаруымды өтінді. Сондықтан, ұлымның болашағы жарқын болсын", - дейді Таланттың әкесі Бақытжан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.