jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Әйгілі неміс футболшысы қазақстандық жарымен қалай танысқанын айтып берді

    : UGC

    Германия құрамасындағы әлем чемпионы, мәскеулік "Спартактың" жартылай қорғаушысы Андре Шюррле қазақстандық модель жұбайы Анна Шариповамен қалай танысқанын баяндады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ vesti.kz басылымына сілтеме жасап.

    Әйгілі неміс футболшысы қазақстандық жарымен қалай танысқанын айтып берді
    Фото: instagram.com/sharypova_nna: UGC

    Қос ғашықтың қарым-қатынасы 2017 жылдың наурыз айынан бастап өрбіген, ал 2018 жылы олар ерлі-зайыпты атанып, 2019 жылдың үшінші мамырында қызды болды.

    Спортшының сөзінше, оны болашақ жарымен досы Берлинде таныстырған екен. Олар алғашқы кездері бір-бірімен хат алмасып, кездесіп, кейіннен отбасылы болған.

    Сондай-ақ, Шюррле Мәскеуге ауысу жайлы ұсыныс алған кезде бұл жаңалыққа жарының қуанғанын сөз етті. Айтуынша, бұл Андренің тілді меңгеруі үшін таптырмас мүмкіндік болыпты.

    Шюррленің сөзінше, оның жары Аннаның жеке кәсібі бар. Сол себепті ол күйеуімен бірге Ресейде тұрмайды. Алайда спортшы бірнеше күнге отбасына барып, олармен бірге уақыт өткізеді. Анна да екі айлық баласымен Ресейге жиі келіп тұрады.

    "Әйелімнің жеке компаниясы бар. Ол үйде отырып жұмыс істей алады. Егер бұл іс оған ұнаса, мен қарсы емеспін. Туыстарымыз бен арнайы адамдар бала күтіміне көмектеседі. Мен отбасыма жиі барып тұрамын", - дейді ол.

    Шарипова Қазақстанның тумасы. Алайда Берлинде сәулетші мамандығы бойынша білім алып, бүгінгі таңға дейін сол жерде тұрып келеді. Сондай-ақ, Анна жеке кулинарлық шоуы мен жеке блогын жүргізеді.

    Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ұлтаралық некеден туған арулардың сұлулығы жайлы жазған едік.

    Ең маңызды әрі қызықты жаңалықтарды біздің Telegram арнамыздан оқыңыздар!

    Әйгілі неміс футболшысы қазақстандық жарымен қалай танысқанын айтып берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.