jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    10 жылдан бері үйінің төбесінде көк ту желбіреп тұрған тұрғын жайлы не білеміз (фото)

    ту
    Фото: pavlodarnews.kz

    Павлодар облысы Аққулы ауданы Кенжекөл ауылындағы қазақтың даңқты боксшысы Бекзат Саттарханов көшесіндегі 21 үй ерекше көзге түседі. Ауыл тұрғыны көк туымызды қастерлеп, өз үйінің төбесіне іліп қойған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

    Мемлекеттік рәмізге ерекше құрмет көрсететін Ерсайын Шапиннің сөзінше, әрбір қазақстандық ұлттық рәміздерді құрметтеп, оларды бойтұмарындай қастерлеуі керек.

    "Осыдан 10 жыл бұрын Аққулы ауданы, Мерғалым ауылынан Кенжекөл ауылына қоныс аудардым. Алғаш үйімнің іргетасын қалап бастағанда "осыдан баспанам салынып бітсе, төбесіне көк байрағымды іліп қоямын" деп армандаған едім. Қазір сол арман орындалды.
    Бірақ, бұл күнге жету үшін біраз күресуге тура келді. Ақыр соңында Ата Заңымызда рұқсат етілгенін дәлелдегеннен кейін ғана кедергісіз үйімнің төбесіне орната алдым. Көзім жұмылғанша, көк туым төбемде желбіреп тұратын болады", - дейді ауыл тұрғыны.
    Ерсайын Шапин. Фото: pavlodarnews.kz
    Ерсайын Шапин. Фото: pavlodarnews.kz: Depositphotos

    Ерсайын Шапиннің айтуынша, өзгеге патриоттық туралы әңгіме айтпас бұрын балалардың бойына отансүйгіштік қасиетті сіңіру керек.

    "Ол үшін тек туымызды ғана емес, әнұранымыз бен елтаңбамыз туралы да жиі айтуымыз шарт. Осы ретте мені қынжылтатын бір нәрсе бар. Ол – көшеде шашылып жатқан тиындарды көре тұра, мән бермей өтіп кететіндерді көз көріп жүр. Айтпағым, 1 теңгелік тиын болсын, 100 теңгелік болсын, жерде жатса - көтеріңіз. Оған ақша деп емес, Мемлекеттік елтаңбам деп қараңыз. Меніңше, елін-жерін, отанын сүйетін әр адам бұл жағдайға бей-жай қарамайды деп ойлаймын", - деді ол.

    Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті. Рәміздер күнімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтады.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.