jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті елдің ашуына тиді

    Қайрат Закирьянов пен Жанқош Тұраров
    Қайрат Закирьянов пен Жанқош Тұраров. Фото: facebook.com/s.dildakhmet

    Желіде Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов пен белгілі боксшы Жанқош Тұраровтың бірге түскен суреті пайда болды. Сурет желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды. Қазақстандықтар академия басшысы мен спортшының Қызыл кітапқа енген аңдардың терілерімен түскен суретіне наразылық танытты. Экология министрлігі бұған қатысты пікір білдірді.

    Орман шаруашылығы комитетінің бұрынғы өкілі Сәкен Ділдахмет өзінің Facebook-тегі парақшасында аталған суретке байланысты жазба жариялады.

    Ол Тұраровтың жазбасынан скриншот жариялаған. Қазір боксшының парақшасында бұл сурет жоқ.

    "Соңғы кезде желіде қар барысының терісін жиі кездестіруге болады. Оны қалай алғанын ешкім білмейді. Бүгін спортшы Жанқош Тұраров Спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновпен бірге түскен суретін жариялады. Оның кеңсесінде жабай аңдардың терісі мен тұлыбы жеткілікті. Ол оның бәрін қайдан алды?", – деп жазды Сәкен Ділдахмет.

    Желі қолданушылары бұл суретке қатысты наразылығын білдіріп, пікірлерін жазған.

    Сәкен Ділдахмет сондай-ақ Экология министрлігі қызметкерлерін жазбаға назар аударуға шақырған.

    Көп ұзамай Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз хатшысы Самал Ибраева өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында аталмыш жайтқа қатысты пікір білдірді.

    "Бұл сурттер біздің шамымызға тиді. Мұндайға жол беруге болмайды. Біздің ортақ міндетіміз – Қызыл кітапқа енген жануарлардың популяциясын қорғау және сақтау, оларды күнделікті зат ретінде пайдаланбау. Суреттерде қар барысының, сілеусін мен арыстанның терісі бейнеленгеніне назар аудардық", – деп жазды ол.

    Баспасөз хатшысының айтуынша, фотосуреттердің қай жерде, нақтырақ айтсақ, біздің елде немесе шетелде түсірілгенін анықтау керек, өйткені Қазақстанда арыстандар мекендемейді.

    "Министрліктің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Алматы облысы бойынша аумақтық инспекциясы суреттегі барыстың терісі бар-жоғына қатысты жағдайды тергеу және тиісті шаралар қабылдау үшін құқық қорғау органдарына жүгінеді. Біз бұл мәселені бақылауда ұстап, азаматтарды хабардар етіп отырамыз", – деді Ибраева.

    Ол барыс Қазақстанның Қызыл кітабына енген жануар екенін баса айтты. Қазақстан Республикасында қар барысын аулауға тыйым салынған.

    Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суреті елдің ашуына тиді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.