jitsu gif
Спорт

    Алматыдағы марафонға бес мыңға жуық адам қатысты

    Алматы марафоны
    Фото: Instagram/almatymarathon

    Алматыда дәстүрге айналған "Алматы марафоны" өтті. Оған бес мыңға жуық адам қатысты. Желаяқтар бәсекесінде бақ сынау үшін шетелден келгендер де болды. Таңғы алтыда жарыс жолына шыққан олар бірнеше қашықтық бойынша сынға түсті деп хабарлайды 24.kz.

    Қатысушылар дәстүрлі 10 және 42 шақырымдық марафоннан бөлек скандинавиялық жүрістен де үздікті анықтады. Сондай-ақ 6 адамнан құралған командалар да жүлдеге таласты. Спорттық шараға белсене қатысып, мәреге жеткендерге арнайы медаль берілді.     

    "Мен Алматыда бес жылдан бері тұрып жатырмын. Осы марафонға үшінші рет қатысып отырмын. Мен жүгіруді жақсы көремін және мұндағы көңіл-күй керемет. Мұнда жүгірген сайын қуат ала түсесің, мен жартылай марафонды таңдадым және нәтижеме ризамын", - деді Оңтүстік Африка азаматшасы Марта Сибасэ.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.