jitsu gif branding logo appbranding logo app

    "Төрт рет орнынан тұрмақ болды": Шоу кезінде құлаған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы есінен танып қалды (видео)

    Евгений Семененко
    Евгений Семененко. Фото: sports.ru

    Ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Евгений Семененко Санкт-Петербургта өткен мұзды шоуда құлап, ауруханаға түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Оқыс оқиға Евгений Плющенко ұйымдастырған "Чемпиондар одағы" шоуында болған.

    Евгений Семененко көрсетілім басталған соң төрт айналым элементті орындамақ болады. Алайда мұзға дұрыс түспеген спортшы құлап қалды.

    Кейін Евгений дереу орнынан тұруға талпынды. Бірақ төрт рет орнын тұрмақ болған спортшының әрекетінен нәтиже шықпай, ең соңында көрермендердің үстіне құлайды.

    Осыдан соң дереу дәрігерлер келіп, ес-түссіз жатқан спортшыны ауруханаға алып кетті.

    Спортшының жеке бапкері Алексей Мишиннің айтуынша, Семененко жедел жәрдем ішінде есін жиған. Бірақ әлі ауруханадан шыққан жоқ.

    "Евгенидің миы шайқалғаны рас. Бірақ өміріне айтарлықтай қауіп төніп тұрған жоқ. Ауруханадан әлі шықпады. Оған әзірге тыныштық керек. Жақсы болып кеткенше сонда болғаны дұрыс", - деді бапкер sports.ru сайтына берген сұхбатында.

    Ескерту! Видеоны жүрегі әлсіз адамдарға, аяғы ауыр әйелдерге көру ұсынылмайды!

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.